Полиция қызметі мән-жайды анықтап жатыр
Алматыда биыл қаңтарда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам мен 18 жастағы қыз өлі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lider.kz-ке сілтеме жасап.
2005 жылы туған Әмина Ерланқызы 12 қаңтарда жоғалып кеткен. Бойжеткен Алатау ауданы, Шаңырақ-2, Қаракемер көшесі, 135 үй мекенжайы бойынша үйден шығып кеткен.
Бойы 165 сантиметр, арық денелі, шашы ұзын қара, көзі қоңыр. Ол ақпанда өлі табылды.
1985 жылы туған Жапаров Кенгес 16 қаңтарға қараған түні жоғалып кеткен. Ер адам Талғар ауданы, Нұра ауылы, Досмұхаметов көшесі, 10-үй мекенжайы бойынша үйден шығып кеткен. 29 ақпанда жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Әзірге оның өлімі туралы толық мәлімет берілген жоқ.
Оқи отырыңыз: Көшеден әйелдің мәйіті табылды