Мемлекеттік бағдарламамен үй алғысы келген әйел 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды

13.07.2022 17:59

Өскемендік әйел бейтаныс жігітке алданып қалған

CC0

Өскемен қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен баспана сатып аламын деп 2,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ШҚО полиция департаментінің ақпаратынша, маусым айында облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. Айтуынша, бейтаныс жігіт мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін кредит рәсімдеуге көмектесемін деп уәде еткен. Алаяққа сеніп қалған әйел 2 500 000 теңгесін бере салған.

Жедел шаралар барысында криминалдық полиция алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөзі: Sputnik