Бірнеше массаж салоны жеңіл жүрісті әйелдер притоны болған

08.09.2022 18:08

Мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды

YouTube

Алматыдағы шағынаудандардың бірінен жөзекшелер ордасына айналған жекеменшік пәтер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция дерегінше, онда сылқымдар келушілерге массаж жасап қана қоймай, жыныстық қатынас қызметін де көрсеткен. Оқиға орнында мекеме әкімшісімен қоса, салонда жұмыс істеген 7 адам ұсталды. Сол түні полиция ауданнан тағы бір интимдік қызмет орнын әшкерелеген. Мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 15 жеңіл жүрісті әйелге де шара қолданылды.