Алматыда жол ережесін бұзған жеткіншекке жеті хаттама толтырылды

05.09.2023 18:18

Оның заңсыз әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды

sportishka.com

Алматыда жол ережесін бұзған 19 жастағы жеткіншекке жеті хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның заңсыз әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі тексеру ұйымдастырды. 19 жастағы М.есімді азамат анықталды және ұсталды. 

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды:

  •  ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі – 5 хаттама (Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамау); 
  • ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының төтенше жағдайдың туындауына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы); 
  • ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу). 

Сонымен қатар жүргізушімен алдағы уақытта жол ережесін бұзудың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Дереккөз: ПД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Түнгі ойран: 2 адам жарақат алды