Соңғы туған күн: Тайынша ауданында ұлы анасын ұрып өлтірген

12.08.2024 18:21

Сол күні марқұм 82 жасқа толған

elements.envato.com

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 59 жастағы ер адам өзінің туған анасын өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дереккөзге сүйенсек, ұлы кейуананы үнемі ұрып-соққан екен. Марқұм ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толып жатқан. Адам шошырлық жайт 9 тамыз Тайынша ауданында тіркелген.

«Тайынша ауданында 82 жастағы әжені өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол 59 жастағы ер адам. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды СҚО-ның полиция департаменті.