Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растады", - делінген хабарламада.
Антикор мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.