Елімізде 160 адам есірткі қылмысы үшін қамалды

20.11.2023 18:36

Ақпаратты ІІМ мәлімдеді

Фото видеодан алынды

Елімізде жарты айда 160 адам есірткі қылмысы үшін қамауға алынып, 2 зертхана таратылған. Ақпаратты ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми дерекке сүйенсек, заңсыз айналымнан 208 келі есірткі заттары тәркіленген. Бұл айдағы деректің көбі Алматы қаласы мен облысында тіркелді. Оның ішінде синтетикалық зат өндіретін екі тұрғын арнайы зертханада жұмыс істеген. Азаматтардың автокөлігінде 152 килограмм гашиш болған.

– Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электрондық таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 кг дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді, – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды