Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды

16.09.2023 18:45

Олар тұратын пәтерден экстремистік мазмұндағы әдебиеттер тәркіленді

gov.kz

Ақтөбе қаласында ҰҚК мен полиция бірлесіп, радикалды діни ұяшықтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды.

Олардың тұрғылықты мекенжайында экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.

Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында анасы мен екі баласын өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберген