Тәркіленген контрафактлік алкоголь өнімі жойылады
Шымкентте контрафактілік алкоголь өнімін шығарып келген астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәртіп сақшылары ішімдік толы 3 мың бөтелке тәркілеп, оқиға орнынан бір мың литр спирт пен 20 мыңнан астам бос шөлмек, сондай-ақ жалған маркалар және жалған шарап дайындайтын құрылғыларды тапты.
«Сот үкімімен ұсталған азаматқа 1 млн 531 мың 500 тг айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактлік алкоголь өнімі жойылуға жатады», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.