Оқиға Майқұдық шағынауданында кешкі уақытта болған
Қарағандыда ер адамдар арасында жанжал туып, оқ атылған. Оқиға Майқұдық шағынауданында кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеден белгісіз біреудің тапаншадан 3 рет оқ жаудырғанын байқауға болады. Мұндай келеңсіздіктің неден туындағаны және жәбірленушінің жағдайы әлі белгісіз. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап жатыр.
«55 жастағы жолаушы мен 35 жастағы такси жүргізушісінің арасында келіспеушілік болған. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.