Түркістан облысында жезөкшелікпен айналысқан қыздар есепке алынды

25.11.2021 19:12

Сарыағаш ауданында жеңгетайлықпен айналысқандар мен притон ұйымдастырған қонақүй әкімшілері белгілі болды

inform.kz

Түркістан облысында жезөкшелікпен айналысқан 10 жеңіл жүрісті қыз есепке алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Stop-трафик шарасы аясында тәртіп сақшылары жергілікті кәсіпкерлік нысандарына тексеріс жүргізіп, бірнеше заңбұзушылықты анықтаған. Яғни, Сарыағаш ауданында жеңгетайлықпен айналысқандар мен притондар ұйымдастырған қонақүй әкімшілері белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталған жеңіл жүрісті қыздардың әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, олар профилактикалық есепке алынды. 

«Қазір стоп-трафик іс-шарасы әлі жалғасуда. Құрметті қала тұрғындары, адам саудасы мен жеңгетайлыққа қатысты қандай да бір ақпарат болса 102-ге хабарласуыңызды сұраймыз», –  деді ПБ аса маңызды істер жөніндегі уәкілі Талғат Бижанов.

Айта кетейік, Stop-трафик шарасының негізгі мақсаты – притондар ұйымдастыру мен жеңгетайлықтың және адам саудасының алдын алу. Тексеріс жұмыстары 1 желтоқсанға дейін жалғасады.