Дөңгелек үстелде сақтандырушылар тарапынан алаяқтық әрекеттер жасау мәселелері қаралды
Алматы полициясы сақтандыру алаяқтықтарына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Полиция департаментінде тергеушілер мен сақтандыру компаниялары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, онда сақтандыру оқиғалары кезінде сақтандырушылар тарапынан алаяқтық әрекеттер жасау мәселелері қаралды.
«Жұмыс мәжілісіне Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы мен Анықтау басқармасының басшылары, сондай-ақ жеті сақтандыру компаниясының өкілдері қатысты. Сақтандыру төлемдерінің алаяқтық тізбектерінің түрлері талқыланды. Сақтандыру нарығында сақтандыру полисінің құжаттарымен қасақана айла-шарғы жасау, жалған жол-көлік оқиғалары, бірнеше сақтандыру компанияларында бір жол-көлік оқиғасы үшін заңсыз төлемдердің екі және үш еселеніп төленгендігі орын алады. Сақтандыру нарығында кейде сақтандыру саласында бірнеше адамның алдын-ала келісіп қылмысқа баруы да орын алады. Сақтандыру компанияларының құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін қазіргі ұсыныстар сындарлы түрде талқыланды, олар мұқият талданып, ұқсас қылмыстық істерді қарау және тергеу кезінде ескерілетін болады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.