Таразда есірткі өткізумен айналысқан тұрғын ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда синтетикалық есірткі өткізумен айналысқан 34 жастағы жерігілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіден тәркіленген ел аумағында тыйым салынған зат мөлшері аса ірі көлемді деп танылған. Сондықтан аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыс дәлелденсе, күдіктіге бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр.  

«Күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 772 гр. болатын «Альфа» есірткі заты табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Новости партнеров