Жамбыл облысына қарасты Каменка ауылының тұрғынынан заңсыз сақталып келген атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тексеріс барысында аудандық тәртіп сақшылары автоматтан бөлек, азаматтың иелігінде тегіс ұңғылы атыс қарулары мен оқ дәрілердің барын анықтады. Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті өз кінәсін толық мойындапты. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
«Абай ауылына қарасты тау бөктерінде Каменка ауылының тұрғыны, 1989 жылы туылған азаматтан заңсыз сақтап келген АКСУ-74 маркалы автомат қаруы жәнеде басқа да тегіс ұңғылы атыс қарулар, 5,45 калибірлі бірнеше оқ дәрілер тәркіленіп алынды», – деді Т.Рысқұлов аудандық ПБ бастығы Олжас Омарбеков.