Қылмыстық іс материалдары оның кінәсін толық дәлелдеді
Қарағандыда терроризмді насихаттаған тұрғын 7,5 жылға сотталд, деп хабарлайды Almaty.tv.
21 қарашада Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының Теміртау тұрғыны Д.Ш-ға шығарған үкімі күшіне енді. Ол терроризмді насихаттау фактісі бойынша айыпты деп танылған.
Тергеу және сот Д.Ш-ның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалды діни идеологияны таратқанын анықтады.
Қылмыстық іс материалдары оның кінәсін толық дәлелдеді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.
Дереккөз: ҚазАқпарат.