Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматыда үш қаскөй жалға алған көлікпен кәріз қақпақтарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының Медеу ауданында полиция қызметкерлері техникалық құдықтардың шойын қақпақтарын ұрлады деген күдікпен екі ер адам мен әйелді ұстады. “Іс” үшін үштік Anytime арқылы көлікті жалға алды.
"Олар шамамен бір апта ішінде бірнеше қылмыс жасаған және “Думан” шағынауданында жүрген. Аймақтардың бірінде қаскөйлер бейнекамералардың объективіне түсіп қалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар шойынның бір бөлігін Бесағаш елді мекеніндегі металл қабылдау пунктіне әрбірін 5000 теңгеден тапсырып үлгерді. Бірнеше кәріз айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оларды сатып жіберуге уақыттары болмады. Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланады", – дейді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер олардың қалада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.