СҚО-да коронавируспен күресуге бөлінген ақшаны жымқырған

29.03.2021 19:33

Мамандардың сөзінше, қаражат қазір бюджетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстанда коронавируспен күресуге бөлінген ақшаны жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Яғни, денсаулық сақтау ұйымдарының 5 қызметкеріне заңсыз жәрдемақы тағайындалған. Жәрдемақының сомасы жарты миллион теңгеден асады. Мамандардың сөзінше, қаражат бюджетке қайтарылды.

«Бұл жерде 5 адамның артық қосылғаны айтылды. Біз мәселені анықтадық. Кейбір сәйкессіздіктер «су» ақпараттық жүйелерінде болған, онда біліктілік талаптары сәйкес келмеген. Бірақ сол кезде біз комиссия құрдық, көп жұмыс жасадық, шағымдар да көп болды, өйткені, керісінше, ақша аз төленген», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағанов.