Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Талдықорған қаласында есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысы Полиция департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция барысында 20 жастағы жігіттің сөмкесінен ірі көлемде синтетикалық есірткі анықтаған. Сот сараптамасының таныған заты 150 г есірткі болып шықты. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.