Олар «Thefiniko.СОМ» бағдарламасы арқылы салымшыларды тартқан
Таразда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар тергеліп жатыр. 2021 жылдың шілде айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «The Finiko» жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы мониторингі агенттігінінің мәліметінше, қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары мен тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде процестік шешім қабылданады.
– Өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар «Thefiniko.СОМ» бағдарламасы арқылы салымшыларды тартқан. Олардың қаражатына әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті іске асырып, кейін кірісті қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 6 стихиялық қоқыс орны жойылды