Таразда заңсыз атыс қаруын жасырып келген тұрғын ұсталды

22.02.2022 19:42

Қолға түскен күдікті өз кінәсін толық мойындады

Almaty.tv

Таразда заңсыз түрде атыс қаруын жасырып келген жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары тексеріс барысында 26 жастағы күдіктінің бұрын-соңды істі болғанын және 3 автоматты дәмхана қоймасында сақтағанын анықтады.  

«Полиция қызметкерлері ПД қоймасынан ұрланған 3 бірлік «АКСУ-74» автоматын тәркіледі. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәркіленген қаруға қатысты сараптама тағайындалды», - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жамбыл полицейлері дәл осындай әрекетке барған 46 жастағы тұрғынға да қатысты сотқа дейінге тергеу жұмыстарын бастады. Қолға түскен күдікті өз кінәсін толық мойындады. Одан «АКСУ-74» маркалы 2 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Ұсталған азамат қару-жарақты заңсыз сақтап келгенінен бөлек, оны саудаға салып пайда тауып келгені мәлім болды.