Автокөліктің тізгінінде 32 жастағы ер адам болған
Елордада бір көліктен 12 мемлекеттік нөмір мен газ тапаншасы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі.
Өзі де тіркеусіз жүйткіп жүрген Toyota маркалы автокөліктің тізгінінде 32 жастағы ер адам болған. Ал Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті тексеру барысында жоғарыда аталғандардан бөлек жиналмалы пышақ пен 4 оқ-дәрі анықталды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды.
«Аталған факт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көлік тұраққа қойылып, сараптама тағайындалды», – деді қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.