Ірі көлемде есірткі сатпақ болған әйел ұсталды

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды
Айғақтар тәркіленіп, сараптама тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттік әйелден 20 пакет синтетикалық есірткі табылып, полицейлер оны қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облыстық тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағашта ұстады. Тексеру кезінде қалтасынан ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас зат салынған 18 орам шығыпты. Ал үйін тінтігенде дәл сондай тағы 2 пакет анықталған. Айғақтар тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Қорытындыда алынған заттың 20 грамнан асатын мефедрон екені белгілі болды.

– Есірткі сату, яғни, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Амангелді Бұрханов.

Оқи отырыңыз: БҚО тұрғыны 600 доза есірткімен ұсталды

Новости партнеров