Алматыда қаңтар оқиғасына қатысты күдікті ұсталды

31.03.2022 20:11

24 жастағы азамат полициясының ғимаратына шабуыл жасаған

Almaty.tv

Қаңтар оқиғасында Алматы полициясының ғимаратына шабуыл жасаған 24 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Жамбыл облысының тумасы 5 қаңтар күні өзінің сыбайластарымен қару-жарақ дүкенін тонап, әрі қарай Алматы әуежайына басып кірген. Содан кейін қалалық полиция ғимараттарының біріне барып, басқа да шерушілермен бірігіп, нысанды таңға дейін қоршауда ұстапты. Дүрбелең аяқталған соң күдікті ұрланған қару-жарақты 40 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір ұсталған азамат қамауға алынды.

«Анна» деген қару-жарақ сататын магазинге бардық. Ол жақтан әрқайсымыз екі қарудан алып шықтық та, бір-бірден үлестірі алдық»,- дейді күдіктілер.

Теги: ұсталды