Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Астанада зейнеткерлерді 100 млн теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды. Олар егде жастағы азаматқа қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қомақты қаржы иемденіп келген қаскөйлер тұрғынның 75 млн теңгесін сыпырып кетіпті. Қалалық полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полицейлер Павлодар облысының 21 жастағы тұрғынын анықтады. Ол қылмыстық схемада дроппер рөлін атқарған. Жігіттің айтуынша, Telegram мессенджерінен осы жұмысты тауып, көрсеткен қызметі үшін 150 мың теңгеден алған. Шоттарды бұғатталды. Қылмыстық схеманың барлық қатысушысының жеке басы анықталды, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Оқи отырыңыз: Уақыт белдеуі: ДСМ ұстанымы қандай