Бишімбаевтың ісі: сотталушы Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv
Сот үкімі 10 мамырда белгілі болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бишімбаев пен Байжановтың үкімі 10 мамырда белгілі болады. Бүгінгі сот отырысында айыпталушылар соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құдайдың сынағынан өтпедім» деген экс-министр өткен іске өтінетінін жеткізіп, Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады. Сотталушы кінәлі екенін, бірақ қасақана кісі өлтірмегенін айтты. Оның сөзінше, қамауға алынған алғашқы минуттан бастап ол жауапкершіліктен жалтаруға әрекеттенбеген. Болған жайтқа отбасы мен жақындарының қатысы жоғын еске салды.

– Ата-анамнан, туыстарымнан, достарымнан, балаларымнан кешірім сұраймын, менің қателігім олардың өміріне ұят, қайғы, уайым мен қорқыныш әкелді. Бұл менің кінәм және  менің ауыртпалығым. Мен ешкімге өлім тілемегенімді, тілемейтінімді анық білемін. Қаласақ та, қаламасақ та, саналы түрде түсінсек те, түсінбесек те Жаратқанның сынағынан күнде өтеміз. Ең жоғары адамгершілік – құндылықтарды сынау. Сол түні сынақтан өте алмадым, – деді сотталушы Қуандық Бишімбаев.

Байжанов та өкінішін айтты. Екінші сотталушы әңгімесін бірден қылмысты жасырып қалуға оқталмағанынан бастады. Оның сөзінше, бейнекамерадағы жазбаларды өшіргені, телефон тасып жүргені, барлығы ағасының бұйрығымен жасалған әрекет. «Жеңгесінің өмірмен қош айтысарын білмедім» деген Бишімбаевтың інісі Салтанаттың туыстарына қайғыра көңіл айтты. Жалғыз қызынан айырылған отбасынан кешірім сұрады.

– Мен бұған дейін де айтып келдім, аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы білген жоқпын. Білсем, мұндай әрекетті жасамас едім. Менің іс-қимылым аса ауыр қылмысты жасыру болып саналатынын ойлағаным да жоқ. Егер оны жасыруға тырыссам, өзімді қорғамас едім, – деді сотталушы Бақытжан Байжанов.

Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: жаза тағайындау мәселесі күн тәртібіне қойылды

Новости партнеров