Халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы қолға түсті

01.12.2023 19:54

Оның есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 2014 жылы іздеу жарияланған

Almaty.tv

Ел аумағында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы қолға түсті. Тәртіп сақшылары оның жасырынған жерін жедел-іздестіру іс-шаралары арқылы тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

31 жастағы күдікті Кентау қаласындағы пәтерлердің бірін паналаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, шетелдікті өз еліне экстрадициялау мәселесі шешілуде.

– Аталған азамат – Ресей Федерациясының тұрғыны. Оның есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 2014 жылы іздеу жарияланған. Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.

Оқи отырыңыз: Ірі көлемді есірткі сатпақ болған әйел ұсталды