Петропавлда жас келіншек 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

22.01.2021 20:13

Анасының не себепті бұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз

Almaty.tv

Петропавлда 22 жастағы қала тұрғыны бүлдіршінін аяусыз сабап тастады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келіншек баласын есінен танғанша ұрып, артынан өзі жедел жәрдем шақыртқан. Денесінің сау жері қалмаған қаршадай қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Анасының не себепті бұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Алдымен ол үш жасар Сашаны кереуетінен құлатып, есінен танып қалғанда ғана жедел жәрдем шақыртқан. Қазір зәбір көрген қыздың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Баланың мүшкіл халін көрген дәрігерлер бірден полицияға хабарлаған. 

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары Азат Құсайынов.

Теги: родители