Атырауда ҰҚК қызметкерлері тергеу изоляторы бастығын ұстады

elements.envato.com
elements.envato.com
Ол моншада отырып, пара алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Интернет-басылымның мәліметінше, Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен тергеу изоляторы бастығын ұстады.

«Ол 500 мың теңге алғаннан кейін ұсталды, бұл ретте параның жалпы мөлшері 1 миллион теңгені құрайды. Оны ҰҚК қызметкерлері монша кешенінде ұстады. Сондай-ақ оның тұрғылықты жерін тінту жүргізілді», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері қанша болады

Новости партнеров