Олар – шетел азаматы
«Жан дүниең тазарады». Петропавлда теріс діни ағымды насихаттаған 2 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анықталғандай, олар – шетел азаматы. Былтырдан бастап, жергілікті тұрғындарды заңсыз ұйымға шақырып, жымысқы әрекетін жүргізіп келген. Ізбасарларымен мессенджерлер арқылы адамдар тартқан. Полиция дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. Ал ұсталған қос азаматқа әзірге әкімшілік хаттама ғана толтырылған
«42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. Әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл ұйым Ресей Федерациясында тоталитарлық деп танылып, бүкіл аумағында оның әрекетіне тыйым салынған», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.