Павлодар облысында 6 жарым млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды

01.07.2022 20:45

Жалған тұлғалардың есіміне рәсімделген 13 компанияны анықтаған

Almaty.tv

Павлодар облысында 6 жарым млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еліміздің Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тергеу барысында жалған тұлғалардың есіміне рәсімделген 13 компанияны анықтаған. Сотталғандар 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6 жарым млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған.

«Легин мен Рыжаковтың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.