Оларға қатысты қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-төраға Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы іс бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегіне қатысты қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - "А" арнайы мақсаттағы қызмет бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.
Ведомство өкілі тергеу жалғасатынын мәлімдеді.