Алматыда шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасаған

m.azh.kz
m.azh.kz
Қалада 41 мың 305 шетелдік азамат тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv. қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қалада 41 мың 305 шетелдік азамат тіркелген.  Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 370 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1082 шетелдік.

«Әкімшілік тәртіппен 166 шетелдік азамат елден шығарылды.  Сонымен қатар, 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  47 миллионнан астам айыппұл салынды, 4 ай ішінде шетелдіктер жасаған 117 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған. Шетел азаматтарына қатысты 116 қылмыс тіркелді», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Новости партнеров