Қалада 41 мың 305 шетелдік азамат тіркелген
«Әкімшілік тәртіппен 166 шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар, 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 47 миллионнан астам айыппұл салынды, 4 ай ішінде шетелдіктер жасаған 117 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған. Шетел азаматтарына қатысты 116 қылмыс тіркелді», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.