СҚО-да заңсыз елік атқандар ұсталды

YouTube
YouTube
Күдіктілерден балта мен пышақ тәркіленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстанда заңсыз аң аулаған 3 адам ұсталды. Оқиға Қызылжар ауданындағы Согров қорығында болған, деп хабарлайды Almaty.tv

Түнде орман ішінде рейд жүргізген төтеншеліктер мен бас орман қорықшысы мылтық дауысын естіген. Олар жан-жаққа бөлініп, орман ішін кезіп сібір елігін мүшелеп жатқан үш ер адамның үстінен түскен. Одан бөлек, күдіктілер өздері мінген Toyota Prado автокөлігінің жүксалғышына тағы бір аңның етін салып қойыпты. Оқиға орнынан 52 мен 39 жас аралығындағы 3 ер азамат ұсталды. Күдіктілерден балта мен пышақ тәркіленген. Олардың біреуіне ойық ұңғылы мылтығы тиесілі болған. 

«Аталған факті Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді көздейді. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», – деді Қызылжар ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Гүлжан Байтұсова.

Новости партнеров