Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
ҰҚК департаменті қызметкерлері есірткі жасайтын екі цехты жойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жасырын жолмен синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цехты жою бойынша операция өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Психотропты заттарды дайындады және оны саудалады деген күдікпен үш адам ұсталды. Тінту кезінде олардан 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды. Тәркіленген есірткілік заттардың құны «қара нарықта» 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерге тең.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Биылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі жасайтын зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды – ҰҚК

Новости партнеров