ҰҚК департаменті қызметкерлері есірткі жасайтын екі цехты жойды
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жасырын жолмен синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цехты жою бойынша операция өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Психотропты заттарды дайындады және оны саудалады деген күдікпен үш адам ұсталды. Тінту кезінде олардан 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды. Тәркіленген есірткілік заттардың құны «қара нарықта» 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерге тең.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Соттың санкциясымен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Биылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі жасайтын зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.
Оқи отырыңыз: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды – ҰҚК