Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

29.12.2022 21:48

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды

turkystan.kz

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді»,  делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оның анасы кім екені анықталу үстінде.

Сот-медициналық сараптама тағайындады.