Ақмола облысында ер адам ауылдасын пышақтап өлтірді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында ауыл тұрғыны танысын пышақтап тастады. Соның салдарынан ер адам көз жұмды деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 желтоқсанда Егіндікөл полиция бөліміне Бауман ауылының 39 жастағы тұрғынынан телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Ер адам өзінің үйінде ауылдасы екінші ауыл тұрғынына пышақ сұққанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ер адам жергілікті аудандық ауруханаға «іш қабырғасының тесілген-кесілген жарақаты, іш қуысынан қан кету» диагнозымен жеткізілді. Алайда алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Бауман ауылының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге пышақ сұққан.

Қылмыстың дәлелі криминалистердің оқиға орнынан алынған ас үй пышағының бетінен тапқан саусақ іздері, тер іздері, сынамалар, микробөлшектер, сондай-ақ куәгерлердің айғақтары болды.

Полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі («Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауда отыр.

Новости партнеров