Елордада балалар ойнайтын ауладан адамның мәйіті табылды

28.07.2022 21:50

Сотқа дейінгі тергеу болып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар ойнайтын ауладағы футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«26 шілде күні сағат 10:11-де «102» телефон номеріне Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.