Қыз алып қашу заңмен жазаланады: Шымкентте сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

01.02.2024 22:10

7-12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

elements.envato.com

Шымкентте бойжеткенді алып қашқан азаматқа қатысты тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне М.А. есімді әйел адам қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы шағым түсірген. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының «Г» есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.

- Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жай анықталады. Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды. Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауына алынды, - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да полицейлерге күш қолданған ер адам сотталды