Бірқатар ұрлық жасағаны үшін 1971 жылы туған Я. есімді ер адам азамат ұсталды
Оны ұстау іс-шарасын қалалық Криминалдық полиция басқармасының және Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізген. Бірқатар ұрлық жасағаны үшін 1971 жылы туған Я. есімді ер адам азамат ұсталды.
«Қаскөй басқа адамдардың пәтерлеріне кілтті таңдау арқылы кіріп, негізінен зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кеткен. Қаскөй бірнеше рет бейнекамералардың обьективіне түсіп қалған. Бір кезде күдікті іс-әрекетінің қолжазбасын өзгертуді ұйғарып, ұрлыққа әйелдер киімі мен паригін кие бастайды. Оның соңғы жасаған қылмысы қараша айының басында тіркелген. Жетісу-2 шағынауданында пәтерден төрт миллион теңге болатын бағалы заттарды алып шыққан. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас сегіз оқиғаға қатысы бар екені дәлелденді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған азамат – Ресей Федерациясының 50 жастағы тумасы, бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдіктіге қатысты тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталған адамның «қызметінің» қосымша эпизодтарын анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.