Сараптама тағайындалды
Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция оның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады.
- Аталған факті Павлодар полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ, - деді Павлодар облыстық полиция департаменті.
Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз