Қазір оған қатысты ҚК «Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегі әрекетсіздік» бабы тіркеліп, тергеу жалғасып жатыр
Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Бұл туралы Тенгри Ньюс ақпараттық порталының сұрауына жауап берген Бас прокуратура хабарлады. Қазір оған қатысты ҚК «Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегі әрекетсіздік» бабы тіркеліп, істі тергеу әлі де жалғасып жатыр. Бас прокуратура бұдан өзге соталды тексеру деректерінің жария етілмейтінін жеткізді.