Түркістан облысында білім басқармасының есепшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.06.2024 23:21

Олар 3 миллиард теңгеге жуық қаражатты қолды қылған

elements.envato.com

Түркістан облысында білім басқармасының есепшілері 3 миллиард теңгеге жуық қаражатты қолды қылған. Заңбұзушылық облыстық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу аудандық білім бөлімінің бухгалтерлері бюджеттен бөлінген 2,8 миллиард теңгені жымқырған. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

– Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен қылмыстық іс тіркелді, тергеудә Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізіліп жатыр. Бүгінде прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды, – деді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Жолбарыс Ерарыс.

Оқи отырыңыз: Алматыда қалта ұрылары ұсталды