Бұған дейін Динара Досымбекованың анасы қызының жоғалғанын айтып, арыз жазған
Абай ауданында жоғалған қыздың мәйіті табылды. Бұған дейін Динара Досымбекованың анасы қызының жоғалғанын айтып, арыз жазып, еріктілер мен полицейлерге айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, Динара 26 мамырда Ауыл стансасынан Семей қаласына аттанып, бірақ діттеген жеріне жете алмаған. Бастапқыда полицейлер такси жүргізушілерін тексерген. Алайда қыздың өлі денесі анасының үйінің маңынан табылды. Анасы – адам өліміне қатысы бар делінген басты күдікті.
– Полиция қызметкерлерінің жүргізген шараларының нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалуының мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Полиция басқармасы бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы алаяқтардың жалған хабарламаcын жария етті