Қызылордалық 9 сынып оқушысы күдікті деп танылды
Қызылордада алты жастағы баланы зорлады деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растап отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған. Жасөспірім уақытша ұстау изоляторында. Ал жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.
– Аталған жарияланым бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасында 10 ақпанда қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Қылмыстық істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауында. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді, – деді қалалық Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында балаларды ұрып-соққан адам ұсталды