Солтүстік Қазақстан облысында қарттарды алдап келген алаяқ әйел ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында қарттарды алдап келген алаяқ әйел ұсталды
Екі айдың ішінде ол жеті зейнеткерді тонап үлгерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында қарттарды алдап келген алаяқ әйел ұсталды. Екі айдың ішінде ол жеті зейнеткерді тонап үлгерген. Күдікті өз ісін қалай жасаған? Толығырақ өңірдегі Almaty.tv тілшісінің бейнематериалында.

Медициналық маска киген әйел өзін медицина әрі әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, профилактикалық тексеріс жүргізіп жүргенін айтқан. Алаяқ әйелдің құрбаны болғандардың бірі – тыл еңбеккері Мария Ковалева. Ол қарияға сенімді түрде ақшаның жақында өзгеретінігін айтып, көмектесуге қол ұшын берем депті.

«Сізге 42500 теңге түсіреді деді. Мен айттым маған керек емес мен зейнетақы аламын, мұқтаж жандарға түсірсін дедім. Ол маған екінші айда ондай болмайды. Сондықтан ақшаларыңызды аудару керек деді. Өзім қорқып тұрмын. Сізде ақша бар ғой деп сұрады. Бар дедім. Онда маған беріңіз мен сізге кезекте тұрмай ауыстырып беруге көмектесемін деді», – деді жәбірленуші Мария Ковалева.

Зейнеткер, үйде ақша болғанын айтады. Қайтқан жолдасына ескерткіш салуға және коммуналдық қызметті төлеу үшін қаражат жинапты. Ал, медицина қызметкерімін деген келіншек қарияны жуынатын бөлмеде анализ тапсыруды сұраған. Шықса, ол барлық жиған тергенін алып тайып тұрыпты.

Екі ай ішінде осындай тәсілмен жеті зейнеткер тоналған. Ал сегізінші адамды алдай алмапты. Ұсталған әйел осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында алаяқтық іспен айналысқан болып шықты.

«Тамыз айының басынан полиция басқармасына облыс орталығының егде жастағы адамдар ақшалары қолды болғаны жайында арызданды. Бейтаныс әйел өзін медбике деп таныстырып, алдау жолымен ақша қаражаттарын ұрлаған. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен кезекті қылмыс орнында 43 жастағы сотты болған қала тұрғыны ұсталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 3 миллионнан астам», – деді Петропавл қалалық ПБ бөлімше бастығы Шалқар Оразбаев.

Зейнеткерден қолды қылған 290 мың теңге қайтарылады. Ал, қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров