Алматы облысында судьялар күдікке ілінді

Almaty.tv
Almaty.tv
Талғар аудандық сотының судьясы да күдікті деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында үш судья жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді. Елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, пара алуы мүмкін дегендердің қатарында Қонаев қаласы сотының төрағасы бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талғар аудандық сотының судьясы да күдікті деп танылды. Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға оң шешім шығарып, сыйақы алған. Сондай-ақ Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық-экономикалық сотының судьясы да екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешім шығарған.

– Іс бойынша «кісі өлтіруді хабарламау әрекетін қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды» деп күдікке ілінген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етәлмейді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оқи отырыңыз: ІІМ интимдік сипатта қызмет көрсететін притондарға ауқымды тексеру жүргізіп жатыр

Новости партнеров