Шымкентте мал ұрлаған әскери қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты

02.03.2021 04:02

Алты айыптаушының бәрі де шартты түрде 5 жыл мерзім алды

Шымкентте мал ұрлаған әскери қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті деп танылған 6 азамат өткен жылдың желтоқсанында ұсталған еді. Осыдан кейін барымташылардың қылмысты шілдеден бастағаны белгілі болды. Ауылдағы ірі қараларды қоймай келген жиырмадан асқан жігіттер жәбірленушілердің арызынан кейін тұтқындалған. Олардың бірі шекарашы, екіншісі әскери бөлім сарбазы. Ал қалған бесеуі жұмыссыз азамат.

«Ыдырыс Нұрсұлтан Орынбасарұлына қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылып, сот отырысы залынан күзетілуден дереу босатылсын. Пробациялық бақылау сотталғанның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне жүктелсін. ҚР қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде сотталған ыдырыс әскери эфрейтер атағынан айрылсын», – деді Шымкент горнизоны әскери сотының судьясы Жамиля Төленова.

Алты айыптаушының бәрі де шартты түрде 5 жыл мерзім алды. Жымысқы әрекетін жарты жыл бойы жүзеге асырған олар 1 жылқы, 3 қой және 3 ірі қараны қолды қылған. Осылай деген судья олардың бәрін сот залынан босатты. Әрі мұның себебін жәбірленушілердің кешірім беріп, шығынның өтелуімен түсіндірді. Бұл қылмыстық топтасып жасалмағанын жеткізді.