Шымкентте ер адамды пойыз қағып өлтірді

22.09.2024 12:20

Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте кешкі уақытта болған 

elements.envato.com

Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам пойызда астында қалып мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оtyrar арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте сағат 22.00 шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов) - Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған.

«Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ер кісі оқиға орнында көз жұмған», - делінген хабарламада.

Ер адамның суицид жасағаны немесе белгіленбеген орында теміржолды кесіп өтпек болғаны әзірге нақты белгісіз. Оны полиция анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз: Үш жасар бала өлімі: Қостанайда дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды